13
октябрь
2025
«Оқыған кітап – ортақ ой» атты челлендж
13 қазан 2025 жылы мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Оқыған кітап – ортақ ой» атты челлендж ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және әдеби шығармалар арқылы өзара пікір алмасу негізінде зияткерлік әлеуетін дамыту.
Челлендж барысында оқушылар өздері оқыған көркем әдеби шығармаларын таныстырып, мазмұнына қысқаша шолу жасады, басты кейіпкерлерге мінездеме беріп, шығарманың негізгі идеясын талдады. Сонымен қатар, туындыдан алған әсерлері мен өмірлік сабақтарын ортаға салып, ой-пікірлерімен бөлісті, бейнероликтер әзірледі.
Шара оқушылардың әдеби талдау жасау қабілетін, сыни ойлау дағдысын, көпшілік алдында еркін сөйлеу мәдениетін және пікір алмасу құзыреттілігін дамытуға ықпал етті.
Белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, челлендж жоғары деңгейде ұйымдастырылды.