Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
ноябрь
2025

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп буккросинг

17 қараша 2025 жылы мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп буккросингі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру және кітап алмасу дәстүрін дамыту. Осы бастама аясында мектеп кітапханасында арнайы «Буккроссинг» сөресі жасақталды.

Буккроссингке 1–11 сынып оқушылары, педагогтер және ата-аналар белсенді қатысып, өз оқып шыққан көркем әдебиеттерін, танымдық және балаларға арналған кітаптарын арнайы сөреге орналастырды. Әр кітапқа қысқаша аннотация немесе ұсыным парағы тіркеліп, оқырмандар өз пікірлерін қалдыру мүмкіндігіне ие болды.

Шара оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, жауапкершілік пен ортақ мүлікке ұқыптылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызы түсіндіріліп, оқу – үздіксіз даму кепілі ретінде насихатталды.

📖 Мектеп буккросингі оқушылар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттырып, зияткерлік ортаның қалыптасуына оң әсерін тигізді. Алдағы уақытта бұл бастаманы тұрақты түрде жалғастырып, кітап алмасу сөрелерін кеңейту жоспарлануда.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: