16
январь
2026
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында жаңа кітаптар көрмесі
16 қаңтар 2026 жылы мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және жаңадан түскен әдебиеттермен таныстыру. Көрмеге 1–11 сынып оқушылары қамтылып, жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі жанрдағы кітаптар ұсынылды.
Көрмеде көркем әдебиет, балалар әдебиеті, ғылыми-көпшілік басылымдар, энциклопедиялар, тарихи шығармалар мен заманауи авторлардың туындылары қойылды. Таныстырылым барысында кітапханашылар жаңадан түскен кітаптардың мазмұны, авторлары және тәрбиелік, танымдық маңызы туралы кеңінен ақпарат берді.
Бастауыш сынып оқушылары ертегілер мен иллюстрациялық кітаптарға қызығушылық танытса, орта буын оқушылары шытырман оқиғалы шығармаларды таңдады. Жоғары сынып оқушылары ғылыми-танымдық және классикалық әдебиеттерге ерекше назар аударды. Көптеген оқушылар өздері қызыққан кітаптарына жазылып, оқу белсенділігін көрсетті.