Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ақпараттық құттықтау" акциясы
20
ноябрь
2025
"Ақпараттық құттықтау" акциясы
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында құттықтау мәтіндері мен бейнероликтер LED экранда орналастырылды.  
"Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" тақырыбында пікір алмасу өткізілді
20
ноябрь
2025
"Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" тақырыбында пікір алмасу өткізілді
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 20.11.2025 ж. "Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" тақырыбында ата-аналарға арналған кездесу ұйымдастырылып, әкенің баланың психологиялық, моральдық және әлеуметтік дамуына қосатын үлесі талқыланды, практикалық кеңестер беріліп, пікір алмасу жүргізілді. 
"Жас маман – жасанды интеллект: жаңа буын ұстаз бейнесі" атты аудандық семинар
20
ноябрь
2025
"Жас маман – жасанды интеллект: жаңа буын ұстаз бейнесі" атты
«Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия» КММ-де жаратылыстану пәндерінің онкүндігі аясында «Жас маман – жасанды интеллект: Жаңа буын ұстаз бейнесі» атты жас мамандарға арналған аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: жас мамандардың педагогикалық үдерісте жасанды интеллектті қолдану құзыреттерін дамытуға ықпал ету, жаңа буын мұғалімінің кәсіби болмысын қалыптастыруға бағытталған инновациялық тәжірибелермен алмасу және бірлескен идеялар алаңын құру. Іс-шара барысында төмендегі
Менің құқықтарым!
19
ноябрь
2025
Менің құқықтарым!
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 19.11.2025 ж. "Менің құқықтарым" тақырыбында мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттерін таныстыру бойынша іс-шара өткізілді. Оқушыларға құқықтық ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Құқықтар мен жауапкершіліктерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ балалардың сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.  
Педагогикалық кеңес алаңы
19
ноябрь
2025
Педагогикалық кеңес алаңы
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 19.11.2025 ж. ата-аналарға балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша кеңес пен ұсынымдар беру мақсатында ашық консультациялық алаң ұйымдастырылды. Мамандар ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
«Startup– менің арманым» байқауы
19
ноябрь
2025
«Startup– менің арманым» байқауы
💡 Бүгін біздің мектепте 9–11 сынып оқушылары арасында «Startup – менің арманым» байқауы сәтті өткізілді. Оқушылар өз идеяларын таныстырып, жобаларын қорғады. 👩‍💻👨‍💻 9–11 сынып оқушылары арасындағы байқау инновациялық және шығармашылық жобаларды дамытуға арналды. 🏆 Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларды құттықтаймыз!
"Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында пікірсайыс өтті
18
ноябрь
2025
"Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 18.11.2025 ж. "Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында интернетті қауіпсіз пайдалану тақырыбында пікірсайыс байқауы өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар интернеттің тиімді тұстарын талдап, цифрлық қауіпсіздік ережелерін талқылап, өз көзқарастарын дәлелдеп, өзара пікір алмасу арқылы сыни ойлау дағдыларын шыңдады.  
Қамқорлық және сүйіспеншілік
18
ноябрь
2025
Қамқорлық және сүйіспеншілік
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 18.11.2025 ж. ата-аналар мен балалардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында мектеп психологтары А.Маханбетияр, Ж.Жұршыман ашық есік күнін өткізді. Ата-аналарға кәсіби, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған кеңестер беріліп, түрлі психологиялық жаттығулар ұсынылды. 
Түнгі қаладағы балалар
17
ноябрь
2025
Түнгі қаладағы балалар
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 17.11.2025 ж. кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде жүруінің алдын алу мақсатында мектеп инспекторы К.Колбасовпен бірлесе түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушылар мен ата-аналарға құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беріліп, профилактикалық әңгімелер өткізілді. 
«Мұғалім мен ЖИ: жаңа дәуірдің сабақтары» тақырыбында мазмұнды семинар
14
ноябрь
2025
«Мұғалім мен ЖИ: жаңа дәуірдің сабақтары» тақырыбында мазмұнды семинар
🌿 «Ғылымға сапар, болашаққа қадам» Жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында информатика пәні мұғалімі М. Жұматай «Мұғалім мен ЖИ: жаңа дәуірдің сабақтары» тақырыбында мазмұнды семинар өткізді. Семинар барысында: ✨ Жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері ✨ Мұғалім еңбегін жеңілдететін цифрлық құралдар ✨ Болашақтың сабақ форматы сияқты өзекті тақырыптар талқыланды. ЖИ–мен қатар жүретін жаңа дәуірдің дағдыларын қалыптастыру – бүгінгі күннің басты міндеті.