Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ
17
январь
2024
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ
🎾“Өнер асыл қазына” атты эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігі бойынша дене шынықтыру пәнінен “Қозғалмалы ойындар. Спорттық элементтермен” тақырыбында ашық сабақ өткізілді! 📌Мақсаты: қарапайым жаттығуларды жүгіру, секіру, және лақтыру элементтерін сабақ барысында кеңінен пайдалану. 👩🏻‍💻Пән мұғалімі: Лазет Акылбековна
"Салауатты өмір салтындағы дене белсенділігі" сынып сағаты
16
январь
2024
"Салауатты өмір салтындағы дене белсенділігі" сынып сағаты
Бүгінгі сынып сағатымызда ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет тілге тиек етілді. Оқушыларымыз осы тақырып төңірегінде дайындаған слайдшоуларын ұсынып, қорғады. 
Эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігі
15
январь
2024
Эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігі
🎨“Өнер асыл қазына” атты эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігінің ашылу салтанаты! Мақсаты: жаңа мазмұнды білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ізгілікті-тұлғалықты іскерлікті жүзеге асыру.
Учаскелік полиция инспекторымен кездесу
10
январь
2024
Учаскелік полиция инспекторымен кездесу
ЮПБ полицияның учаскелік инспекторы Қолбасов Қанат Серікбайұлы, 9-11 сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іс-әрекет жасауға тарту», «Кәмелетке толмағандардың құқықтық және әкімшілік жауапқа тарту» тақырыбында дәріс өткізді.
"Әбілхан Қастеев - 120 жыл" сынып сағаты
09
январь
2024
"Әбілхан Қастеев - 120 жыл" сынып сағаты
Қастеев Әбілхан (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарыңдағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Мектебімізде Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
“Төрлет, Жаңа жыл!” мерекелік іс-шара
28
декабрь
2023
“Төрлет, Жаңа жыл!” мерекелік іс-шара
“Төрлет, Жаңа жыл!” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Мақсатты аудитория: 5-11 сынып оқушылары. Іс-шараны өткізуге жауаптылар: А. Есибаева - Аға тәлімгер, Өзін-өзі басқару ұйымы.
“Төрлет, Жаңа жыл!” мерекелік іс-шара
27
декабрь
2023
“Төрлет, Жаңа жыл!” мерекелік іс-шара
“Төрлет, Жаңа жыл!” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Мақсатты аудитория: 1-4 сынып оқушылары. Іс-шараны өткізуге жауаптылар: А. Есибаева - Аға тәлімгер, Өзін-өзі басқару ұйымы. 
"Қыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі" сынып сағаты
26
декабрь
2023
"Қыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі" сынып сағаты
Жаңа жыл мерекесіндегі салюттердің адам өміріне төндіретін қауіпі, қыстық каникул кезіндегі сырғанаққа шығу, жол қауіпсіздік ережелері, түнде ата-анасыз жүру, жарылғыш заттарды қолданудың қауіпті екендігі туралы "Қыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі" атты сынып сағаттарымызда толығырақ айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Инклюзивті білім беру бірлестігінің он күндігі
22
декабрь
2023
Инклюзивті білім беру бірлестігінің он күндігі
«Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» атты инклюзивті білім беру бірлестігінің апталығы ашылу салтанатымен, психологиялық қызықты жаттығу-ойындармен, сыныптан тыс іс-шаралар, жас мамандарға арналған әдістемелік кеңес және коррекциялық сабақпен ұласты! Мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға психо-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау. Толығырақ біздің әлеуметтік желіде!
"Кітап көзі жұмғанға арзан, көзі ашқанға маржан" прозалық және драмалық шығармалар бойынша көркем сөз байқау
21
декабрь
2023
"Кітап көзі жұмғанға арзан, көзі ашқанға маржан" прозалық және
Мектебімізде "Кітап көзі жұмғанға арзан, көзі ашқанға маржан" прозалық және драмалық шығармалар бойынша көркем сөз байқауы өткізілді. Бұл іс-шараға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта сынып оқушылары белсене ат салысты.