Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мен және стресс» тақырыбында тренинг
01
апрель
2024
«Мен және стресс» тақырыбында тренинг
7-10 сынып оқушыларына «Мен және стресс» тақырыбында тренинг жүргізілді. Мақсаты: Стресстік жағдайдан шығу жолдарын тауып, ондағы жағымсыз жақтарды ғана емес, жағымды жақтарын да көру қабілетін дамыту.
Кәсіптік бағдар беру
01
апрель
2024
Кәсіптік бағдар беру
Түрксіб ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының “Тәрбие және идеология” тобының бастығы майор Еркебұлан Съезбекұлы мектебімізге келіп, әскери оқу орындарына түсу жөнінде тың ақпараттарымен бөлісті.
Тазару күні
23
март
2024
Тазару күні
«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.  Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – қыстан көктемге көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны. 
“Күй күмбірі” атты домбырашылар челленджі
20
март
2024
“Күй күмбірі” атты домбырашылар челленджі
Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен “Күй күмбірі” атты домбырашылар челленджі өтті. Мектебіміздің домбыра оркестрінің оқушылары челленджге қатысып, Құрманғазы Сағырбайұлының “Серпін” күйін орындады.
Ұлттық спорт күні
20
март
2024
Ұлттық спорт күні
20 наурыз - Ұлттық спорт күніне орай іс-шара өткізілді. Мақсаты: ұлттық ойындар арқылы оқушыларға мәдени-патриоттық тәрбие беру. Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының шығу тарихы мен ойнау ережелері туралы білік-дағдыларын қалыптастыру.
Жаңару күні
19
март
2024
Жаңару күні
Наурызнама концепциясына сәйкес мектеп-гимназия фойесінде "Жаңару" тақырыбында өткен кітап көрмесі туралы ақпарат ұсынылды.
Ұлттық киім күні
18
март
2024
Ұлттық киім күні
18 наурыз - Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – мәдени мұра» атты іс-шара өткізілді! Мақсаты: тарихи-мәдени мұрамыз ұлттық киімдер туралы толық мағлұмат беру,оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру.
Қайырымдылық күні
15
март
2024
Қайырымдылық күні
Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен татулықты  насихаттауға арналған. Жалпы, игі істер дәстүрін тарату қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды.
Көрісу күні
14
март
2024
Көрісу күні
14 наурыз - Көрісу күні! Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. 
"Жалпы қауіпсіздік ережесі" туралы бейнеролик
12
март
2024
"Жалпы қауіпсіздік ережесі" туралы бейнеролик
Мектебіміздің оқушыларына "Жалпы қауіпсіздік ережесі" туралы бірыңғай бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.