Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Танымдық сабақ
11
март
2024
Танымдық сабақ
Мектебіміздің 4А сыныбы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін танымдық сабақ түрінде атап өтті. Сабақ мазмұны теориялық-практикалық құндылықтарға толы болды! Оқушыларымыз аналарға жыр-шумақтарын арнады, ән айтып өз өнерлерін ортаға сала отыра, мақал-мәтел, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға аналарымен бірге жауап берді. Мақсаты: халқымыздың салт-дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу, сөздік қорын молайтып, ой-өрісін дамыту. Сынып жетекшісі: Кулшат
«Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық»  атты мерекелік іс-шара
07
март
2024
«Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық» атты мерекелік іс-шара
Өзін-өзі басқару ұйымының (Мектеп Парламенті) ұйымдастыруымен 8 Наурыз - Халықаралық Әйелдер мерекесіне арналған «Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық» атты мерекелік іс-шара өткізілді! Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
“Көктем аруы - 2024” байқауы
06
март
2024
“Көктем аруы - 2024” байқауы
3Б сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған “Көктем аруы - 2024” байқауы! Мақсаты: Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Самал Бірлікқызы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі
05
март
2024
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі
Мектебіміздің 1Б сыныбы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өтті! Оқушыларымыз аналарға жыр-шумақтарын арнады, ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға сала отыра, мақал-мәтел айту бойынша жарысты! Мақсаты: Анаға, нәзік жандыларға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру. Сынып жетекшісі: Нургул Рыскелдиевна
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі
04
март
2024
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі
Мектебіміздің 1Ә сыныбы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өтті. Оқушыларымыз ана-әже-сыныптастарына жыр-шумақтарын арнады, ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды! Мақсаты: Анаға, әжеге, нәзік жандыларға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру. Сынып жетекшісі: Нургул Нысанбековна
"БІЗ АЛҒЫС АЙТАМЫЗ - 2024" челленджі
01
март
2024
"БІЗ АЛҒЫС АЙТАМЫЗ - 2024" челленджі
🌷1 наурыз - Алғыс айту күніне орай мектебіміздің оқушылары өз ризашылықтарын білдірді! 📌Мақсаты: Оқушылардың жанұяға, ата-анаға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынастарын дамыту; ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету!
Эвакуациялау және сейсможаттығу өткізу
29
февраль
2024
Эвакуациялау және сейсможаттығу өткізу
Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар» ұранымен ақпараттық-насихаттық іс-шара өткізілді! Іс-шара спорттық эстафеталар мен ойындар яғни, азаматтық қорғаныс элементтерімен: противогаз кию, зардап шеккендерді алып жүру, алғашқы медициналық көмек көрсетумен ұласты. 
Шығармашылық жұмыс
28
февраль
2024
Шығармашылық жұмыс
"1 наурыз - Алғыс айту күніне" орай мектебіміздің 1А сынып оқушылары шығармашылық жұмыс ретінде түрлі-түсті қағаздан өз отбасы мүшелеріне арнап гүл жасап, сурет салды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
23
февраль
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
«Өмірді өнерге айналдырған...» атты жазушы, драматург Дулат Исабековке арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
22
февраль
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
«Өмірді өнерге айналдырған...» атты жазушы, драматург Дулат Исабековке арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында мектеп фойесі безендірілді.