Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ана тілі пәнінен ашық сабақ
02
февраль
2024
Ана тілі пәнінен ашық сабақ
"Менің Отаным - Қазақстан" атты бастауыш әдістемелік бірлестігінің он күндігі бойынша ана тілі пәнінен "Буын және тасымал" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 📌Мақсаты: мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру; дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу Пән мұғалімі: Адлия Ержанқызы  Толығырақ біздің әлеуметтік желіде!
«ДОСБОЛLIKE» акциясы аясындағы достық ағашы
01
февраль
2024
«ДОСБОЛLIKE» акциясы аясындағы достық ағашы
🚩«ДОСБОЛLIKE» акциясы! 👐🏻«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» бағдарламасын іске асыру бойынша мектебіміздің 1 сынып оқушылары алақанмен сурет салып, достық ағашын бейнеледі! Достарына арналған өлең жолдарын оқыды! #dosbolike  Толығырақ біздің әлеуметтік желіде! 
Ана тілі пәнінен ашық сабақ
30
январь
2024
Ана тілі пәнінен ашық сабақ
"Менің Отаным - Қазақстан" атты бастауыш әдістемелік бірлестігінің он күндігі бойынша ана тілі пәнінен "Буын. Алматы метросы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 📌Мақсаты: дереккөздерден ақпарат табу, айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді жазу. Пән мұғалімі: Нургул Рыскелдиевна
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің он күндігі
29
январь
2024
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің он күндігі
"Менің Отаным - Қазақстан" атты бастауыш әдістемелік бірлестігінің он күндігінің ашылу салтанаты! Мақсаты: Қазақстанның барлық облыстары,  тарихи жерлері және киелі мекендері  туралы ақпарат беру,  туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,  патриоттық сезімге тәрбиелеу.
“Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!” атты трениг
26
январь
2024
“Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!” атты трениг
🧩“Өнер асыл қазына” атты эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігі бойынша еркін форматта “Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!” атты трениг өткізілді! 📌Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру; оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау. Спикерлер: Жамбыл Сұлтанбекұлы, Ақмарал Аманжолқызы
"Бүгінгі оқушы - ертеңгі Отан қорғаушы" атты әскери-патриоттық сайыс
25
январь
2024
"Бүгінгі оқушы - ертеңгі Отан қорғаушы" атты әскери-патриоттық сайыс
“Өнер асыл қазына” атты эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігі бойынша АӘД пәнінен “"Бүгінгі оқушы - ертеңгі Отан қорғаушы” атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді! 📌Мақсаты: оқушыларды патриотизмге баулу, әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру, арасында достықты нығайту, оқушылардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру. Пән мұғалімі: Жамбыл Сұлтанбекұлы
Көркем еңбек пәнінен ашық сабақ
25
январь
2024
Көркем еңбек пәнінен ашық сабақ
“Өнер асыл қазына” атты эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігі бойынша көркем еңбек пәнінен “Құрылымдық материалдар” тақырыбында ашық сабақ өткізілді! 📌Мақсаты: құрылымдық материалдар туралы ақпарат пен құрылысын түсіндіру; құрылымдық материалдарды анықтау, сипаттау және қолдану. Пән мұғалімі: Байраханов Нұрсұлтан
«ДОСБОЛLIKE» акциясы аясындағы спорттық эстафета
25
январь
2024
«ДОСБОЛLIKE» акциясы аясындағы спорттық эстафета
⛹🏻‍♂️«Дене шынықтыру» әдістемелік бірлестігімен ұйымдастырылған 6-7 сыныптар арасында «ДОСБОЛLAIK: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы аясында эстафета өткізілді. Оқушыларға мақтау қағаздары мен медальдар табысталды🥇! 📌Мақсаты: спорттық жарыстар арқылы оқушылардың бойындағы ұлттық сананы ояту. Түрлі қимыл-қозғалыс ойындар арқылы оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, физикалық қасиеттерін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. #dosbolike  Толығырақ біздің әлеуметтік желіден
Музыка пәнінен ашық сабақ
24
январь
2024
Музыка пәнінен ашық сабақ
🎼“Өнер асыл қазына” атты эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігі бойынша музыка пәнінен “Музыка және поэзия” тақырыбында ашық сабақ өткізілді! 📌Мақсаты: туған өлкенің жыршы-термеші, әнші және сазгерлерінің шығармашылығы туралы тыңдаған музыкалық шығарманы талдайды және өнердің түрлері, стилі мен жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлері мен байланысын анықтайды. 🧑🏻‍💻Пән мұғалімі: Әділжан Икрамжанұлы
АӘД пәнінен ашық сабақ
23
январь
2024
АӘД пәнінен ашық сабақ
“Өнер асыл қазына” атты эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігі бойынша АӘД пәнінен “Магниттік азимутты анықтау” тақырыбында ашық сабақ өткізілді! 📌Мақсаты: магниттік азимут, жергілікті жерде бағдарлауға арналған заманауи жеке құрал-жабдықтар туралы түсінік қалыптастыру. 🧑🏻‍💻Пән мұғалімі: Жамбыл Сұлтанбекұлы