Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2026

«Ясауитану – 2026» байқауы

Бүгін мектебімізде «Ясауитану – 2026» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – ұлы ойшыл, ақын, сопылық ілімнің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау, оқушылардың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Сайыс барысында қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін көрсетіп, даналық сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әр кезеңде оқушылар белсенділік танытып, өздерінің білімдері мен дайындықтарын дәлелдеді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақты рухани құндылықтарды құрметтеуге, ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелейді. ✨

Қатысушыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта да білім мен өнер жолында биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз! 🌿

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: