17
сентябрь
2025
«Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы»
📚 «Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы»
Бүгін мектебімізде қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
🌿 Көрме барысында оқушылар мен ұстаздар Абайдың шығармашылық мұрасы, қара сөздері, өлеңдері мен өмір жолына арналған әдебиеттермен танысты.
🔍 Оқушылар Абайдың адамгершілік, білім, еңбек туралы ұстанымдарына терең үңіліп, рухани байлыққа жол ашты.
📖 Көрменің мақсаты – ұлы Абайдың мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
✨ Абай – мәңгілік тұлға. Оның ой-толғаулары – бүгінгі ұрпаққа аманат.