Тәуелсіздік – елдігіміздің тірегі
Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде тағылымы терең, мазмұны бай көрме ұйымдастырылды. Көрмеде еліміздің тарихы, Желтоқсан оқиғасы, ұлттық құндылықтар мен тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері кеңінен қамтылды. Бұл көрме – жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын нығайтуға бағытталған тағылымды шара.