Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәуелсіздік тағылымы – ұрпаққа аманат
12
декабрь
2025
Тәуелсіздік тағылымы – ұрпаққа аманат
10 «Б» сынып оқушылары үшін ел тарихындағы тағылымы терең, мәні зор кездесу өтті. “Тарих тағылымы” тақырыбында желтоқсан оқиғасына қатысқан Әден Мағауямен тағылымды жүздесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Әден Мағауя ағай Желтоқсан көтерілісіндегі өз басынан өткен оқиғаларымен бөлісіп, еркіндік пен елдік жолындағы күрестің маңызын жас ұрпаққа жеткізді. Оқушылар ерлік, отансүйгіштік, азаматтық ұстаным туралы терең ой түйіп, рухани әсер алды.
“Бабалар аманаты” байқауы
12
декабрь
2025
“Бабалар аманаты” байқауы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өткен аймақтық “Бабалар аманаты” байқауының “Ақынның қаламы - адалдық алаңы” бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Оспан Жүзімгүл Амантайқызы марапатталды.
«Қызыл телпек» қойылымы
12
декабрь
2025
«Қызыл телпек» қойылымы
✨ «Білімді бала – әлем кеңістігінде» атты онкүндік аясында 3 «Б» сыныбы Неміс елінің ертегілер әлемінде – «Қызыл телпек» қойылымын көрсетті! 🐺🧒🧑‍🎭 🔹 Сабақ мақсаты: Оқушыларға Неміс халқының мәдениеті мен ертегілерін таныстырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сахна өнеріне қызығушылықтарын арттыру. Балалар белсенді қатысып, өз рөлдерін шынайы орындап, шығармашылық қуаныштарын көрсетті! 🌟🎉