15
октябрь
2025
Ата-аналарға арналған оқыту семинар-практикум
"Балалар кітапхана" жобасы аясында мектептің тәрбие жоспарына сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру, балалардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда отбасының рөлін күшейту мақсатында «Ата-аналарға көмек. Балаңызға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады. Оқу сауаттылығын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері» тақырыбында ата-аналарға арналған оқыту семинар-практикумы ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинар-практикумға ата-аналар, сынып жетекшілер және мектеп әкімшілігі қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарды балалардың мағыналы оқу дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістермен таныстыру және оларды үй жағдайында қолдануға үйрету болды.
Семинардың теориялық бөлімінде мағыналы оқудың мәні, оқу сауаттылығының негізгі компоненттері (мәтінді түсіну, талдау, салыстыру, қорытынды жасау, ойды дәлелдеу) туралы кең көлемде түсіндірілді. Ата-аналарға оқу сауаттылығының баланың оқу үлгеріміне, ойлау қабілетіне және функционалдық дағдыларына әсері жөнінде нақты мысалдар келтірілді.
Практикалық бөлімде ата-аналар мәтінмен жұмыс жасауға арналған әдіс-тәсілдермен танысты. Атап айтқанда:
– мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;
– негізгі ойды анықтау;
– оқыған мәтінге болжам жасау;
– кейіпкер әрекетіне баға беру;
– мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыру сияқты тапсырмалар орындалды.
Бұл тапсырмалар ата-аналарға баламен бірлесіп оқу кезінде қолдануға болатын тиімді құрал ретінде ұсынылды.
Сонымен қатар семинар барысында балалардың жас ерекшелігіне сай кітап таңдау, оқу уақытын дұрыс жоспарлау, үй жағдайында оқу ортасын ұйымдастыру, ата-ананың жеке үлгі көрсетуінің маңызы және бірлескен оқу арқылы баланың қызығушылығын арттыру жолдары жан-жақты қарастырылды.
Кері байланыс кезеңінде ата-аналар өз ой-пікірлерін білдіріп, балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға қатысты сұрақтар қойды. Ұсыныстар тыңдалып, тәжірибелік кеңестер берілді.
Қорытынды:
Өткізілген семинар-практикум ата-аналардың мағыналы оқу және оқу сауаттылығын қалыптастыру әдістері туралы білімін толықтырып, балаларға сапалы білім беруде мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығын нығайтуға оң ықпал етті. Семинар өз мақсатына толық жетті және ата-аналар тарапынан оң бағаланды.