Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Таза бейсенбі" науқаны
11
апрель
2024
"Таза бейсенбі" науқаны
Мектебімізде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: "Таза бейсенбі" науқаны ұйымдастырылды. Мақсаты:  оқушылар ара­­сын­да қоғамдық және эко­­­ло­­гия­лық мәдениетті қалып­тас­тыру, қоршаған ортаға деген жана­шырлық пен құрмет құн­ды­лық­тарын дәріптеу. #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу 
"Өз қоқысыңды сұрыпта" науқаны
10
апрель
2024
"Өз қоқысыңды сұрыпта" науқаны
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: "Өз қоқысыңды сұрыпта" науқаны. Мектебімізде қалдықтарды (пластик, қағаз) сұрыптауға арналған жәшіктер орнатылды. Мақсаты: қалдықтарды бөлек жинау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы хабардар ете отырып, оқушылар арасында қоқыс сұрыптау әдебі мен экомәдениетін қалыптастыру. #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу
Электронды экологиялық ашық хаттар челленджі
09
апрель
2024
Электронды экологиялық ашық хаттар челленджі
🌳«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында өткізілген электронды экологиялық ашық хаттар челленджі. #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу
"Алматы - біздің қаламыз" бірыңғай сынып сағаты
09
апрель
2024
"Алматы - біздің қаламыз" бірыңғай сынып сағаты
Мектебімізде "Алматы - біздің қаламыз" атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойында қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, оқушылар арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдауға ықпал ету. #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу
"Темір жол аса қауіпті аймақ" атты түсіндіру жұмыстары
04
апрель
2024
"Темір жол аса қауіпті аймақ" атты түсіндіру жұмыстары
04.04.2024 жылы Алматы-1 станциясындағы ЖПБ ППВ инспекторы полиция майоры А.Ақмолдаева, Алматы-1 станциясындағы атқыштар команда бастығы Т.Амерханов және ЖӘЕОТ аға күзетшісі К.Абишев, А.Тургумбаев "Темір жол аса қауіпті аймақ", "Бөтен мүлікті ұрлаудың алдын-алу" тақырыптарында 9-11 сыныптар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың сұрақтарына жауаптар алынды.
«Мен және стресс» тақырыбында тренинг
01
апрель
2024
«Мен және стресс» тақырыбында тренинг
7-10 сынып оқушыларына «Мен және стресс» тақырыбында тренинг жүргізілді. Мақсаты: Стресстік жағдайдан шығу жолдарын тауып, ондағы жағымсыз жақтарды ғана емес, жағымды жақтарын да көру қабілетін дамыту.
Кәсіптік бағдар беру
01
апрель
2024
Кәсіптік бағдар беру
Түрксіб ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының “Тәрбие және идеология” тобының бастығы майор Еркебұлан Съезбекұлы мектебімізге келіп, әскери оқу орындарына түсу жөнінде тың ақпараттарымен бөлісті.
Тазару күні
23
март
2024
Тазару күні
«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.  Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – қыстан көктемге көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны. 
“Күй күмбірі” атты домбырашылар челленджі
20
март
2024
“Күй күмбірі” атты домбырашылар челленджі
Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен “Күй күмбірі” атты домбырашылар челленджі өтті. Мектебіміздің домбыра оркестрінің оқушылары челленджге қатысып, Құрманғазы Сағырбайұлының “Серпін” күйін орындады.
Ұлттық спорт күні
20
март
2024
Ұлттық спорт күні
20 наурыз - Ұлттық спорт күніне орай іс-шара өткізілді. Мақсаты: ұлттық ойындар арқылы оқушыларға мәдени-патриоттық тәрбие беру. Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының шығу тарихы мен ойнау ережелері туралы білік-дағдыларын қалыптастыру.