Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Болашақ кілті” атты шығармашылық алаң
14
январь
2026
“Болашақ кілті” атты шығармашылық алаң
Ғылым, өнер, спорт – бәрі бізбен!” апталығы аясында 7-сыныптар арасында 7 «А» сынып оқушыларымен “Болашақ кілті” атты шығармашылық алаң ұйымдастырылды. Бұл алаңда оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, болашаққа деген көзқарастарын ғылым, өнер және спорт арқылы көрсете білді. 🔑 Шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз арманына сеніммен қадам басуға ынталандыру. Белсенділік, креатив, жаңа идеялар – бәрі де бір алаңда тоғысты!
«Токсикоманияның алдын алу»
13
январь
2026
«Токсикоманияның алдын алу»
Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясында зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында мектеп медбикесі А.Оразалиева оқушылармен «Токсикоманияның алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың зиянды әдеттер туралы түсінігін арттыру, токсикоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Іс-шара барысында оқушыларға токсикоманияның адам денсаулығына тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, түрлі химиялық
«Буллинг және Кибербуллинг туралы түсінік беру»
13
январь
2026
«Буллинг және Кибербуллинг туралы түсінік беру»
«Буллинг және Кибербуллинг туралы түсіндіру жұмыстары» аясында оқушыларға буллингтің (қорлау, мазақ ету) және кибербуллингтің (интернет арқылы қорлау) зияны, оның адамға психологиялық әсері туралы түсінік берілді. Оқушыларға бұл құбылыстың дұрыс емес екені, мұндай жағдайға тап болса, оны жасырып қалмай, ата-анаға, мұғалімге немесе мектеп психологына хабарлау қажеттігі айтылды. Түсіндіру жұмыстары оқушылардың құқықтарын қорғау және мектептегі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Республикалық физика-математика мектебінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтілген көрме
13
январь
2026
Республикалық физика-математика мектебінде «Дарын» республикалық
📌2026 жылғы 14 қаңтар күні Алматы қаласы, Республикалық физика-математика мектебінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен көрме өтті. Көрмені тамашалауға мектебімізден 9-11 сынып оқушылары барды. 📚Аталған іс-шараға қатысу барысында оқушылар болашақ мамандықтары жөнінде ақпарат алды.
"Құқықтық білім беру" бағдарламасы
12
январь
2026
"Құқықтық білім беру" бағдарламасы
"Құқықтық білім беру" бағдарламасы бойынша сынып сағаты өткізілді
«Оқырман достар» байқауы
12
январь
2026
«Оқырман достар» байқауы
«Балалар кітапханасы» жобасы мектеп кітапханасы мен сынып кабинеттерінде оқушылар арасында «Оқырман достар» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға барлық сыныптар белсенді қатысып, оқылған кітаптар бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті. Талқылау барысында оқушылар кітап мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, шығарманың басты идеясын анықтады. Әр сынып өз әсерін эссе, сурет, бейнероликтер арқылы шығармашылық тұрғыда көрсете білді 🎨📝🎥 Бұл байқау оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай,
"Көмек" бағдарламасы
12
январь
2026
"Көмек" бағдарламасы
"Көмек" бағдарламасы бойынша сынып сағаты өткізілді.