Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Күзгі демалыс қызыққа толы!
28
октябрь
2025
Күзгі демалыс қызыққа толы!
🌟 Күзгі демалыс қызыққа толы! 🍂 Бүгін 7 «Ә» сыныбының оқушылары сынып жетекшісі Тоғжан Мұратқызымен бірге көңілді ойын-сауық орталығында тамаша күн өткізді! 🎯🎳 Күзгі демалысты тиімді әрі шаттыққа толы ұйымдастыру — баланың демалып қана қоймай, достарымен жақсы көңіл күйде уақыт өткізуіне мүмкіндік береді. 💫
«Абайдың қара сөздері» атты челлендж
27
октябрь
2025
«Абайдың қара сөздері» атты челлендж
Мектеп ұстаздары арасында ұлы ойшыл, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау мақсатында «Абайдың қара сөздері» атты челлендж ұйымдастырылды. Челлендж барысында мұғалімдер дана Абайдың өнегелі ой-толғамдарын, адамгершілікке, білімге, еңбекке үндейтін қара сөздерінен үзінділер оқып, әлеуметтік желілер арқылы кеңінен таратты. Бұл шара ұстаздар арасында Абайдың қара сөздеріне деген қызығушылықты арттырып, рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Челлендж
«Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ»
24
октябрь
2025
«Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ»
Мектебімізде 8–11 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Сералиев және мектеп инспекторы К. Колбасов қатысып, оқушыларға зиянды әдеттердің алдын алу, құқықтық жауапкершілік және дені сау өмір салтының маңыздылығы туралы құнды мәліметтер берді. Мақсат – жас ұрпақтың саналы таңдау жасап, жарқын болашаққа қадам
БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ – 2025
24
октябрь
2025
БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ – 2025
🍁 БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ – 2025 🍁 Мектебімізде дәстүрге айналған «Берекелі Алтын күз – 2025» атты іс-шара жоғары деңгейде өтті! 🌾 Күздің молшылығы мен сұлулығын дәріптеген бұл мерекеде оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқып, көріністер қойды. Әр сынып ерекше дайындықпен келіп, шығармашылықтарын, ұйымшылдықтарын және тапқырлықтарын көрсетті. Көрме бұрыштарында күзгі байлықтан жасалған қолөнер бұйымдары мен жеміс-жидек композициялары көздің жауын алды. Мерекелік шара