Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"EL UMITI MEDALI"  жобасының қола медаль иегері
27
декабрь
2024
"EL UMITI MEDALI" жобасының қола медаль иегері
"EL UMITI MEDALI" жобасының қола медаль иегері мектебіміздің математика пәні мұғалімі Уалихан Е.М.
CPFED Uzdik IT ustaz турнирі жеңімпаздары
20
декабрь
2024
CPFED Uzdik IT ustaz турнирі жеңімпаздары
CPFED Uzdik IT ustaz турнирі І периодының Негізгі кезеңінің нәтижесі бойынша төмендегі ұстаздарымыз марапатталды: ІІ дәрежелі диплом - Ділдабек А.Н. ІІІ дәрежелі диплом - Халенова А.С., Жуматай М.А.
”Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік” танымдық сағаты
13
декабрь
2024
”Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік” танымдық сағаты
Мектеп кітапханасында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған "Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік" атты 5-9 сыныптар аралығында танымдық сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды бабаларымыз, аталарымыздың аңсаған тәуелсіздіктің тарихын түсіндіріп, арнап жазылған шығармаларын, өлеңдерін насихаттау.
Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы
22
ноябрь
2024
Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №10 кітапхана бөлімшесі бірлестігімен "Сапарғали Бегалин өмірі мен шығармашылығы" тақырыбындағы танымдық сағаты өтті. Мақсаты: Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығын түсіндіру барысында оқушылардың туған еліне, халқына, Отанына деген сүйіспеншілікін ояту.
"Ұлы даланың дара ұстазы - Ыбырай" атты  әдеби портрет кеші
06
ноябрь
2024
"Ұлы даланың дара ұстазы - Ыбырай" атты әдеби портрет кеші
Мектеп кітапханасында оқушылардың қатысуымен Ы. Алтынсаринның туған күніне орай қалалық орталықтанған кітапхананың №10 филиалымен бірге "Ұлы даланың дара ұстазы - Ыбырай" атты әдеби портрет кеші өтті. Ы.Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, шығармаларымен танысып, пікір алмасты.
Педагогикалық кеңес
01
ноябрь
2024
Педагогикалық кеңес
Педагогикалық кеңес №2 Күн тәртібінде: 1) І-тоқсандағы оқу-тәрбие үдерісінің қорытындысы (білім сапасы, бағдарламаның орындалуы); 2) Құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу. Тәуекел тобындағы және МІЕ тұрған оқушылармен жұмысты бақылау; 3) Сынып журналдарын тексеру қорытындысы; 4) Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау нәтижесі, жүргізілген жұмыстар.
Бастауыш сынып кафедрасының әдістемелік отырысы
31
октябрь
2024
Бастауыш сынып кафедрасының әдістемелік отырысы
30.10.24ж Бастауыш сынып кафедрасының әдістемелік отырысы өтті. Күн тәртібінде: 1. 2024-2025 оқу жылының 1-тоқсан бойынша 2-4 сынып қорытындысы; 2. 2024-2025 оқу жылының бастауыш сынып апталығының тақырыбы мен жоспарын құру. Кафедра жетекшісі: Чинибаева К.Н.
Тілдер кафедрасының әдістемелік отырысы
30
октябрь
2024
Тілдер кафедрасының әдістемелік отырысы
30.10.2024ж Тілдер (орыс тілі/ шет тілі) кафедрасының әдістемелік отырысы өтті. Күн тәртібінде: 1. 2024-2025 оқу жылының 1 тоқсан қорытындысы; 2. Бағдарламаның орындалуын қадағалау; 3. ТЖБ/БЖБ жұмыстарына талдау жасау; 4. Үлгерімі төмен оқушылырмен жұмыс жоспарлау; 5. Пәндік олимпиадаларына қатысатын оқушыларды анықтау; 6. Күнтізбелік жоспарды тексеру; 7. Пән апталығын жоспарлау; 4. Түрлі мәселелер қаралды. Кафедра жетекшісі: Тынышпаева Г.Т.
«Қоғамдық-гуманитарлық» пәндер кафедрасының әдістемелік отырысы
29
октябрь
2024
«Қоғамдық-гуманитарлық» пәндер кафедрасының әдістемелік отырысы
29.10.24ж «Қоғамдық-гуманитарлық» пәндер кафедрасының кезекті әдістемелік отырысы өтті. Күн тәртібінде: 1.2024-2025 оқу жылының 1-тоқсан қорытындысы; 2.Үлгермеуші оқушымен жүргізілген жұмыс есебі; 3.Әр түрлі мәселелер қаралды. Кафедра жетекшісі: Бектұрғанова Н.Ә. 
"Қыран елім - Қазақстаным" атты кітап көрмесі
22
октябрь
2024
"Қыран елім - Қазақстаным" атты кітап көрмесі
Мектеп кітапханасында 25 қазан - Республика күніне орай "Қыран елім - Қазақстаным" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде еліміздің рухын көтеретін астарлы көркем шығармалар ұсынылды. Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға, соның ішінде еліміздің қалыптасу кезеңінде жазылған түрлі шығармалармен танысуға шақыру.