Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қыран елім - Қазақстаным" атты кітап көрмесі
22
октябрь
2024
"Қыран елім - Қазақстаным" атты кітап көрмесі
Мектеп кітапханасында 25 қазан - Республика күніне орай "Қыран елім - Қазақстаным" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде еліміздің рухын көтеретін астарлы көркем шығармалар ұсынылды. Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға, соның ішінде еліміздің қалыптасу кезеңінде жазылған түрлі шығармалармен танысуға шақыру.
Кітап көрмесі
17
сентябрь
2024
Кітап көрмесі
“Төрт тоқсан-төрт өнер”мәдени-ағартушылық жобасының сайысы бойынша мектебіміздің кітапханасында "Ақындар айтысының" сыры тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ
13
июнь
2024
МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ
Алматы қаласы "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" және "Өркен" балалар әдебиетін дамыту қоғамдық көмек қорының ұйымдастыруымен өткен "МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ" атты қалалық балалар байқауына қатысып, І орын иеленгені үшін Оразов Рамазан марапатталады. Жетекшісі: Светлана Бекежановна 
«Менің атым Қожа» повесі
15
апрель
2024
«Менің атым Қожа» повесі
«Менің сүйікті кітабым» республикалық челленджі бойынша Астана қаласының Алматы қаласына жолдауымен оқушыларымыз көктемгі демалыс кезінде Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесін оқиды.
“Ұлттық киім күні” кітап көрмесі
18
март
2024
“Ұлттық киім күні” кітап көрмесі
18 наурыз “Ұлттық киім күніне” орай кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды.
Дулат Исабековпен шығармашылық кездесу
01
март
2024
Дулат Исабековпен шығармашылық кездесу
Мектеп қабырғасында көрнекті жазушы Дулат Исабековпен шығармашылық кездесу өтті. Кездесуге оқушылар, жас мамандар және суретшілер қатысып, жазушыға сұрақтар қойып, оның шығармашылық жолы мен өмірлік тәжірибесі жайлы мазмұнды әңгіме өрбітті. Іс-шара барысында жазушының «Гауһартас» шығармасы негізінде сахналық қойылым ұсынылды. Қойылымға жас мамандар мен оқушылар бірлесе қатысып, әдеби туындының мазмұны мен идеясы көрерменге әсерлі түрде жеткізілді 🎭 Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып,
"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты тақырыптық  сөре
09
февраль
2024
"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты тақырыптық сөре
М.Мақатаевтың туған күніне орай "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның кітаптарын таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз!
06
ноябрь
2023
Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз!
Оқушыларымыз күзгі демалыс кезінде кітап оқып, уақыттарын тиімді өткізді!
"Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы
15
сентябрь
2023
"Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы
Оқушыларға "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы аясында кітапханада балаларға оқуға "Кітаптар керуені" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттер 1-11 сыныптарға ұсынылды.
«Әлем әдебиетін бірге  оқимыз»
05
апрель
2023
«Әлем әдебиетін бірге оқимыз»
Мектеп кітапхана қоры  биылғы  оқу жылы  әлем әдебиеттерімен  толықтырылды. «Оқуға құштар мектеп» аясында Көктемгі  демалыста «  Әлем әдебиетін бірге  оқимыз» атты іс-шарада 7 в сынып оқушылары М.Твеннің « Том Сойердің басынан кешкендері»,Г,Уэллстің « Уақыт машинасы» К.Дойлдың «Шерлок Холмстың басынан кешкендері» атты шығармаларын  оқыды.  Мақсаты:  Оқушыларды  шетел классик  жазушыларының өмірбаянымен таныстырып, оқудан тыс  шетел әдебиеттерін балалардың жас деңгейіне қарай ұсыну.