Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ҒАЖАЙЫПТАРЫ
02
май
2024
ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ҒАЖАЙЫПТАРЫ
🍃«Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық тазалық науқаны аясында Мектеп Парламентінің “Экология және қоршаған орта” фракциясының басшысы Марат Бекзат оқушылармен жұмыс жүргізді. Бекзат төменгі сыныптардың жас ерекшеліктеріне сай мултьфильмдік сипаттағы бейнеақпараттар көрсетіп, танымдық сабақ өткізді. Орта буындағы оқушыларға “экология, қоқыстың сұрыпталуы, оның ыдырау уақыты, одан қандай таңғажайып бұйымдар жасау керектігі” сынды т.б. ақпараттармен бөлісті. 📌Мақсаты: еңбек және экологиялық
“Алматы - біздің қаламыз” бірыңғай сынып сағаты
30
апрель
2024
“Алматы - біздің қаламыз” бірыңғай сынып сағаты
Мектебімізде “Алматы - біздің қаламыз” атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойында қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, оқушылар арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдауға ықпал ету. #алматыбіздіңортақүйіміз #қалабіреухалықтіреу
Бітіруші түлектердің ағаш отырғызу акциясы
26
апрель
2024
Бітіруші түлектердің ағаш отырғызу акциясы
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: "Бітіруші түлектердің ағаш отырғызу" акциясы. Ағаш отырғызу мектебімізде жақсы дәстүрге айналған. Жыл сайын жасыл алаңымыз көркейіп, жаңа көшеттермен толықтырылып келеді. Ал түлектер үшін бұл қоршаған ортаға деген қамқорлық қана емес, сонымен бірге өз іздерін қалдыруға мүмкіндік, өздері туралы естелік, кейінгі ұрпаққа өзіндік тәрбие.
БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ МЕН ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАЙМЫЗ
25
апрель
2024
БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ МЕН ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАЙМЫЗ
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: "БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ МЕН ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАЙМЫЗ" науқаны. Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қолдай отыра, белсенділігін арттыру. Таза ауадағы көғалдандырылған жасыл алаңымызда оқушыларымыз таңғы жаттығуларды орындады. Таңертеңгілік жаттығу балалардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді
ЖАСЫЛ КОМАНДА
23
апрель
2024
ЖАСЫЛ КОМАНДА
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: Эко-квесттер "ЖАСЫЛ КОМАНДА" науқаны. Бұл науқанға мектебіміздің 8 сынып оқушыларынан құралған "жасыл команда" ат салысты. Мақсаты: оқушылардың экологиялық мәдениетін дамытуға жағдай жасау, табиғатқа деген қамқорлық көзқарасын және экология саласына қызығушылығын арттыру. #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОП
22
апрель
2024
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОП
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: Жер күніне арналған "ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОП" атты танымдық сабақ ұйымдастырылды. #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу 
«Менің бауырым» еріктілік жобасы
16
апрель
2024
«Менің бауырым» еріктілік жобасы
Алматы қаласы Білім басқармасы "Өркен" КЕАҚ-мен бірлесіп балалардың құқықтарын қорғау және балалар саласындағы жобаларды тиімді басқару мақсатында «Менің бауырым» еріктілік жобасын жүзеге асыру бойынша №1 педагогикалық колледж еріктілерімен тренинг өткізілді.
Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?
15
апрель
2024
Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?
«Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?» атты 5-11 сынып оқушылары үшін бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: -демократиялық құндылықтарды қалыптастыру және оқушылардың құқықтық сана деңгейін арттыру; -оқушыларды республикалық референдумның мәні мен маңызы туралы хабардар ету; -оқушылар арасында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
"Жердегі ең жақсы қала" сурет көрмесі
15
апрель
2024
"Жердегі ең жақсы қала" сурет көрмесі
Мектебімізде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: "Жердегі ең жақсы қала" атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қала пейзажы мектебіміздің жас суретшілерінің сүйікті жанрларының бірі. Алматы қаласының әсемдігін, тыныс-тіршілігін бейнелеп салды. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық деңгейін арттыру, туған қаласы Алматыға деген танымдық қызығушылығын дамыту. #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу
"Құстарға үй сыйла" науқаны
12
апрель
2024
"Құстарға үй сыйла" науқаны
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: "Құстарға үй сыйла" науқаны.  Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері әрі біздің досымыз. Біздер үнемі  құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүруіміз керек. Осы орайда мектебіміздің оқушылары құстарға арнап өз қолдарымен үйшіктер жасады. Құстардың үйлері өте әдемі және сапалы болып шықты. Достық атмосферада балалар жиналып, оларды ағаштарға іліп орнатты. Мақсаты: экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға,