Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тақырыбы: «Лудомания – жасөспірімдер үшін қауіпті тәуелділік»
09
февраль
2026

Тақырыбы: «Лудомания – жасөспірімдер үшін қауіпті тәуелділік»

Тақырыбы: «Лудомания – жасөспірімдер үшін қауіпті тәуелділік»
Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында ойын тәуелділігінің алдын алу мақсатында мектепте профилактикалық жұмыс өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге құмар ойындардың және интернет ойындарының зияны туралы түсіндіру, олардың психологиялық және әлеуметтік салдары туралы ақпарат беру.
Түсіндірме жұмыстарында оқушыларға ойын тәуелділігінің адам өміріне тигізетін кері әсерлері кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, интернет ойындары мен құмар ойындарға шамадан тыс әуестену жасөспірімдердің психологиялық жағдайына әсер етіп, уақытты босқа өткізуге, сабаққа деген қызығушылықтың төмендеуіне, оқу үлгерімінің нашарлауына және түрлі психологиялық мәселелердің туындауына әкелуі мүмкін екендігі айтылды.
Сонымен қатар, оқушыларға ойынға тәуелділіктің алдын алу жолдары туралы кеңестер беріліп, бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге шақырылды. Атап айтқанда, спортпен шұғылдану, кітап оқу, түрлі шығармашылық үйірмелерге қатысу, пайдалы да қызықты істермен айналысу арқылы өз уақыттарын дұрыс жоспарлау қажеттігі түсіндірілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: