🎬❄️ «Өмірлік құндылықтар – кино кейіпкерлері арқылы»
Қысқы демалыс күндері 6 «А», «Ә» сынып оқушылары тәрбиелік мәні зор кинотуындыны тамашалау үшін кинотеатрға барды. Фильм кейіпкерлері арқылы достық, адалдық, жауапкершілік, батылдық сияқты өмірлік құндылықтар талқыланып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Бұл шара балалардың бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, рухани дамуына және дұрыс көзқарас қалыптастыруына үлкен әсер етті.