Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәуелсіздік – елдігіміздің тірегі
09
декабрь
2025
Тәуелсіздік – елдігіміздің тірегі
Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде тағылымы терең, мазмұны бай көрме ұйымдастырылды. Көрмеде еліміздің тарихы, Желтоқсан оқиғасы, ұлттық құндылықтар мен тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері кеңінен қамтылды. Бұл көрме – жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын нығайтуға бағытталған тағылымды шара.
«Жапония – білім мен технологияның отаны»
09
декабрь
2025
«Жапония – білім мен технологияның отаны»
✨ «Білімді бала – әлем кеңістігіне» онкүндігі аясында 4 «Ә» сыныбында «Жапония – білім мен технологияның отаны» атты танымдық сабақ өткізілді. 🇯🇵📚🤖 🔎 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жапонияның мәдениеті, білім беру жүйесі және технологиялық жетістіктері туралы түсінік беріп, дүниетанымын кеңейту, әлем елдеріне қызығушылығын арттыру. Балалар үлкен қызығушылықпен тыңдап, өз ойларымен бөлісті. 🌏
«МЕН КӨШБАСШЫМЫН» мектеп жене студенттік парламент көшбасшыларының қалалық слеті
09
декабрь
2025
«МЕН КӨШБАСШЫМЫН» мектеп жене студенттік парламент көшбасшыларының
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастыруымен өткен «МЕН КӨШБАСШЫМЫН» мектеп жене студенттік парламент көшбасшыларының қалалық слетінде өз баяндамасын қорғаған мектеп президенті Самат Аружан. Слет Алматы қаласының мектептерінен және колледжден келген көшбасшылардың басын қосып, жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, көшбасшылық дағдыларын дамыту және өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.