Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп инспекторы Колбасов К.С.  оқушыларымен кездесу
15
октябрь
2025
Мектеп инспекторы Колбасов К.С. оқушыларымен кездесу
Сапар Байжанов атындағы 162 мектеп-гимназияда Түрксіб аудандық жергілікті полиция басқармасының аға лейтенанты, мектеп инспекторы Колбасов К.С. ұйымдастыруымен оқушылармен кездесу өткізілді. Мақсаты – оқушыларға жолда жүру ережелерімен таныстыру, “Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу” мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Зиянды әдеттерге жол жоқ»
15
октябрь
2025
«Зиянды әдеттерге жол жоқ»
Мектебімізде 8-11 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Зиянды әдеттерге жол жоқ» тақырыбында сынып жетекшілер мен ДТІЖО Г.Сералиев мен мектеп инспекторы К.Колбасов түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға алкоголизмнің, нашақорлықтың, токсикоманияның, лудоманияның және темекі шегудің адам денсаулығына және болашақ өміріне тигізетін зияны туралы маңызды ақпарат берілді.
Ата-аналарға арналған оқыту семинар-практикум
15
октябрь
2025
Ата-аналарға арналған оқыту семинар-практикум
"Балалар кітапхана" жобасы аясында мектептің тәрбие жоспарына сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру, балалардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда отбасының рөлін күшейту мақсатында «Ата-аналарға көмек. Балаңызға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады. Оқу сауаттылығын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері» тақырыбында ата-аналарға арналған оқыту семинар-практикумы ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар-практикумға ата-аналар, сынып жетекшілер және мектеп әкімшілігі қатысты.
"Жас Қыран"  және "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау
15
октябрь
2025
"Жас Қыран" және "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау
🇰🇿Республика күніне орай мектебімізде 1‑сынып пен 5‑сынып оқушылары салтанатты түрде "Жас Қыран" және "Жас Ұлан" ұйымына қабылданды! Бұл салтанатты сәтте 1‑сынып және 5‑сынып оқушылары ұйым мүшесі атанып, ант қабылдады. Әр оқушыға көк түсті галстук тағылып, ұйымның мүшелігінің белгісі ретінде төсбелгілер табысталды. ✨Оқушыларымыздың бұл қадамы — еліміздің жарқын болашағына деген сенімнің белгісі.✨
«Адал ұрпақ қандай болу қажет?» атты пікірталас
15
октябрь
2025
«Адал ұрпақ қандай болу қажет?» атты пікірталас
«Адал ұрпақ қандай болу қажет?» атты пікірталас өтті Бүгін «Адал ұрпақ» ұйымының қатысушыларымен маңызды әрі мазмұнды пікірталас ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар адалдық, әділдік, жауапкершілік, заңға бағыну және азаматтық ұстаным тақырыптарында өз ойларын ортаға салды. Пікірталас жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, адал қоғам құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Белсенді қатысқан оқушылар өз көзқарастарын еркін білдіріп, тың идеяларымен бөлісті.