Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің елім - бақытты мекен" атты сурет көрмесі
22
август
2025
"Менің елім - бақытты мекен" атты сурет көрмесі
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай мектебімізде «Менің елім – бақытты мекен» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушылардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Іс-шара барысында оқушылар өз туындылары арқылы Отанға деген махаббатын, туған жерге деген құрметін бейнелеуге тырысты. Әр суретте балалардың еліміздің бейбіт өмірі мен жарқын болашағына деген сенімі мен армандары көрініс
"Толық адам" идеясы
22
август
2025
"Толық адам" идеясы
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «“Толық адам” идеясы: Абай шығармашылығы және бүгінгі оқыту мен оқу» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты – Абай Құнанбайұлының «Толық адам» тұжырымдамасын терең түсіну, оны қазіргі білім беру үрдісінде тиімді пайдалану жолдарын қарастыру және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру болды. Іс-шара барысында мұғалімдер Абайдың шығармаларын жаңаша қырынан талдап, бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуде ақын мұрасының
«Мен – Қазақстанның ұланымын» атты ашық-әңгіме
21
август
2025
«Мен – Қазақстанның ұланымын» атты ашық-әңгіме
«Мен – Қазақстанның ұланымын» атты ашық-әңгіме диалог форматындағы іс-шара тарих пәні мұғалімдері арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұстаздар қауымы арасында ел тарихына деген қызығушылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және отансүйгіштік рухты қалыптастыру болды. Ашық диалог барысында мұғалімдер Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы, тарихи кезеңдер, ата-бабаларымыздың ерлік істері, ұлттық бірлік пен елдік сананың маңызы жайлы ой бөлісіп, өзара пікір алмасты.
Терезе алдындағы қауіпсіздік
18
август
2025
Терезе алдындағы қауіпсіздік
Менің жас досым! Есіңізде болсын: ашық терезелер, балкон-сіздің денсаулығыңызға және тіпті өміріңізге қауіпті! Сондықтан жарақаттанудан аулақ болуға және денсаулықты сақтауға көмектесетін маңызды ережелерді қатаң сақтаңыз: Ешқашан терезелерді өзіңіз ашпаңыз. Ересектерден сұраңыз. Ешқандай жағдайда москит торларын алып тастамаңыз, оларға сүйенбеңіз. Терезеге әйнек арқылы қараңыз, сондықтан қауіпсіз. Балкондағы қоршауларға жақындамаңыз. Ересек адамнан сізбен бірге балконға шығуын сұраңыз.
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" көркем оқу
13
август
2025
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" көркем оқу
Мектебіміздің мұғалімдері арасында ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – ұстаздар арасында ақын шығармашылығын насихаттап, көркем сөйлеу мәдениетін дамыту, Абай мұрасын дәріптеу арқылы рухани құндылықтарды жаңғырту болды. Мұғалімдер Абайдың терең мазмұнды, философиялық ойға толы өлеңдерін мәнерлеп оқып, тыңдарманға ақынның даналығын
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акция
01
август
2025
---
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акция
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акция Құрметті ата-аналар және демеушілер! 📢2025 жылдың 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса» деген ұранмен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілетінін хабарлаймыз! 📌Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету. 🗣️Сапар Байжанов атындағы №162
Назад 1 2 Вперед