Әкелер кеңесі
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» демекші, өмірлік тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген, жаттатқан. Өйткені балаға ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт жайын үйрету – оқушыларды ерлікке, отансүйгіштікке және бауырмалдыққа баулиды. Әкесі мен атасы балаға тек бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата жолын жалғастырса деп үміт артқан. Осы