“I’m Businessmen” Гранд-турнирі
Мектебіміздің 11 сынып оқушысы Бақытқадыр Мирас Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “I’m Businessmen” Гранд-турнирі аясында Almaty Polytechnic College атынан білім грантын жеңіп алды. Бұл турнир жас кәсіпкерлер мен бизнеске қызығатын жастар арасында өткізілді, оның мақсаты - болашақта кәсіпкерлік саласында табысты бола алатын көшбасшыларды анықтау. Бақытқадыр Мирас бұл сайысқа белсене қатысып, өз бизнес-жобасын ұсыну арқылы жоғары бағаланды.