Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
🎉 Ұстаздар күніне орай – төсбелгі иелері
02
октябрь
2025
🎉 Ұстаздар күніне орай – төсбелгі иелері
2025–2026 оқу жылының Ұстаздар күні мерекесінде мектебіміздің мақтанышына айналған аяулы ұстаздарымыз жоғары марапаттарға ие болды:🏅 «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен – Сыдықбекова Тастан Нұрмұханбетқызы марапатталды. 🏅 «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен – Күлманбетова Гүлнара Бектұровна марапатталды. Бұл марапаттар – ұстаздарымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбегі мен білім беру саласына сіңірген адал қызметінің лайықты бағасы. 🌷Сіздің ерен еңбегіңіз – болашаққа бастар
“Шаттығы мол шаңырақ” қалалық отбасылық байқауының аудандық кезең
25
сентябрь
2025
“Шаттығы мол шаңырақ” қалалық отбасылық байқауының аудандық кезең
🎉 Отбасы күніне орай ұйымдастырылған “Шаттығы мол шаңырақ” қалалық отбасылық байқауының аудандық кезеңіне қатысып, 1 «Б» сынып оқушысы Мұратбек Әмірханның отбасы ✨ІІ орын✨ иеленді! 👏🏆 Жүлделі орын алған Әмірханның отбасын шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен отбасылық береке-бірлік тілейміз!Берекелі шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болып, асыл құндылықтарымыз әрқашан ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!
"Дарынды оқушыға -  талантты ұстаз" атты республикалық педагогикалық олимпиадасы
12
февраль
2025
"Дарынды оқушыға - талантты ұстаз" атты республикалық педагогикалық
Мектебіміздің биология пәні мұғалімі Е.Бақытов "Дарынды оқушыға - талантты ұстаз" атты республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысып жүлделі І орын иеленді.
"Жаңа мектепке -  жаңашыл ұстаз" байқауының жеңімпазы
06
февраль
2025
"Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" байқауының жеңімпазы
“Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз” атты VII Республикалық байқауының аудандық кезеңінің І орын иегері мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Ділдабек Айшахан Нұржанқызы.
"EL UMITI MEDALI"  жобасының қола медаль иегері
27
декабрь
2024
"EL UMITI MEDALI" жобасының қола медаль иегері
"EL UMITI MEDALI" жобасының қола медаль иегері мектебіміздің математика пәні мұғалімі Уалихан Е.М.
CPFED Uzdik IT ustaz турнирі жеңімпаздары
20
декабрь
2024
CPFED Uzdik IT ustaz турнирі жеңімпаздары
CPFED Uzdik IT ustaz турнирі І периодының Негізгі кезеңінің нәтижесі бойынша төмендегі ұстаздарымыз марапатталды: ІІ дәрежелі диплом - Ділдабек А.Н. ІІІ дәрежелі диплом - Халенова А.С., Жуматай М.А.
"Ы.Алтынсарин" төсбелгісі иегерлері
08
октябрь
2024
"Ы.Алтынсарин" төсбелгісі иегерлері
Мектебіміздің шебер ұстаздары "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды. Абселемова А.С. - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Орынбаева Н.Н. - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі; Бимырзаева Ж.Ж. - физика пәні мұғалімі; Бектұрғанова Н.Ә. - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Майкотова Г.Д. - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Жемістіде, жеңісті күндер көп болсын құрметті ұстаздар!!!
"Еңбек ардагері" медалі
11
январь
2024
"Еңбек ардагері" медалі
Мектебіміздің химия пәні мұғалімі Тастан Нұрмұханбетовна "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды!
Педагогикалық идеялар фестивалі
13
декабрь
2023
Педагогикалық идеялар фестивалі
Алматы қаласы білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық "Педагогикалық идеялар фестивалі" бойынша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Нургул Рыскелдиевна ІІІ дәрежелі дипломпен марапатталды!
Республикалық педагогтер съезі 2023
12
октябрь
2023
Республикалық педагогтер съезі 2023
🔹Елордамызда мұғалімдер күніне орай 4-6 қазан күндері І республикалық педагогтер съезі өтілді! 🔹Сол съезде пәндік, шығармашылық сайыстарда жүлдегер оқушыларды тәрбиелеген, кәсіби байқауларда жеңіс тұғырында жүрген “Үздік ұстаз” ретінде мыңдаған педагогтардың ішінен іріктелініп алынып, делегат ұстаздардың қатарына енген мектебіміздің ұстазы Нұргул Әбдінағымқызы! Бұл біз үшін - үлкен толағай жетістік👏🏻!