Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сейфуллин атындағы саябақ
28
май
2024
Сейфуллин атындағы саябақ
Жазғы мектеп жанындағы "Болашақ" сауықтыру лагерінің ұйымдастыруымен оқушыларымыз "Сейфуллин атындағы саябаққа" барып, пикник жасап, көңілді уақыт өткізді.
“Болашақ” сауықтыру лагері
27
май
2024
“Болашақ” сауықтыру лагері
"Болашақ" сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты. Лагердің ашылу сәтінде оқушыларымыз өте белсенді әрі көңілді болды. Қызықты ойындар мен жарыстар өткізіліп, балаларға сыйлықтар табысталды. Әр топ өз тобының атауын және ұрандарын айтып таныстырды. Таңғы іс-шара кинотеатрға барып, мультфильм тамашалаумен ұласты. Толығырақ біздің әлеуметтік желіде 🚩”Жасұлан” тобы - 1 сынып 🚩”Алау” тобы - 2 сынып 🚩”Қыран” тобы - 3 сынып 🚩”Жалын” тобы - 4 сынып
«Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағаты
24
май
2024
«Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағаты
1-10 сынып оқушыларына «Білімім - Отаныма» тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ұстаздың еңбегіне деген құрметін, білім алуға құштарлығын және оқу жылындағы жетістіктерін объективті бағалай білуді дамыту. Тәрбие сағатының Тұжырымдамасына сәйкес ҚР Әнұранын орындаумен басталды және ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың мектеп оқушыларын, түлектерді, педагогтер мен ата-аналарды 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтау видеоролигін тамашалаумен сондай-ақ
Қош бол, бастауыш
23
май
2024
Қош бол, бастауыш
4А, 4Ә сыныбының «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатты жиынынан үзінді… Мақсаты: бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Сынып жетекшілер: Кулшат Нурхановна Назгуль Бекмуратовна
“FUTSAL-2024” турнирі
17
май
2024
“FUTSAL-2024” турнирі
8-10 сыныптар арасында ұйымдастырылған мектепішілік футболдан “FUTSAL-2024” турнирі өткізілді! Оқушыларымыз 5 номинация және жүлделі орындар бойынша марапатталды. Ұйымдастырушы: аға тәлімгер: Анель Кайратовна Мектеп Президенті: Даут Қуаныш Өзін-өзі басқару ұйымының “Спорт және СӨС” фракция басшысы: Мұратов Нұрасыл “Құқық және тәртіп” фракция басшысы: Асан Рахымжан Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Джаманбалиев Қанат
С.Қ.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы
16
май
2024
С.Қ.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы
Жастарды әскери патриоттық тәрбиеге шақыру мақсатында Кеңес Одағының батыры, ҚР Тұңғыш қорғаныс министрі С.Қ. Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған шеруде жүлделі ІІ орын алғаны үшін №162 мектеп-гимназиямыз марапатталды. Командир: 10Б сынып оқушысы Орынбасар Елдар АӘД пән мұғалімі: Жамбыл Сұлтанбекұлы
«Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы»
14
май
2024
«Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы»
«Отбасы күніне» орай «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды📚. Көрменің мақсаты: өскелең ұрпақты өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.  Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Біздің көрмеде баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне отбасының ықпалы мол екендігін ашып көрсетер әдебиеттер қамтылды. Тағы 2 сөремізді қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті
“Құстарға үй сыйла” науқаны
06
май
2024
“Құстарға үй сыйла” науқаны
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: “Құстарға үй сыйла” науқаны. Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері әрі біздің досымыз. Біздер үнемі құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүруіміз керек. Осы орайда мектебіміздің оқушылары құстарға арнап өз қолдарымен үйшіктер жасады. Құстардың үйлері өте әдемі және сапалы болып шықты. Оқушыларымыз достық атмосферада жиналып, оларды ағаштарға іліп орнатты. Мақсаты: экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық
Жолда жүру ережесі
04
май
2024
Жолда жүру ережесі
Жолда жүру ережесі туралы бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларда жолда жүру ережесі туралы білім қалыптастыру. Жолда абайлап жүруді үйрету. Көшеде жүру ережесімен таныстыра отырып, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу. "Жолдар мен жол белгілері" туралы бейнеролик көрсетілді. "Жолаушылар дегеніміз кімдер? Бағдаршам дегеніміз не? Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек?" деген сияқты маңызды сұрақтарға жауап алынды.
«ҚОҚЫССЫЗ МЕКТЕП» қалалық экологиялық марафоны
03
май
2024
«ҚОҚЫССЫЗ МЕКТЕП» қалалық экологиялық марафоны
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: "ҚОҚЫССЫЗ МЕКТЕП" қалалық экологиялық марафоны. Оқушыларымыз мен ұстаздарымыз бұл науқанға бір ауыздан белсене қатысты.  Мақсаты: экологиялық тәрбие беру, табиғатты сүюге үйрету, қоқыс тастамау мәдениетіне баулу.  #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу