Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мемлекеттік тіл - менің тілім" жобасы аясында "Сезім үшін" жаңа әндер кеші
08
ноябрь
2024
"Мемлекеттік тіл - менің тілім" жобасы аясында "Сезім үшін" жаңа
Мектебімізде Мемлекеттік тілдің мәдиниетін көтеру, оқушыларды өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған "Мемлекеттік тіл-менің тілім" жобасының жұма сайынғы іс-шарасының бірі өткізілді. "Сезім үшін" жаңа әндер кешінің мақсаты - оқушыларды сезімге адал болуға,отбасы құндылығын жоғары бағалауға, сүйіспеншілік сезімнің адамды тек алға жетелейтінін, жақсылыққа құштар, жеңімпаз ететінін түсінуге
«Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік ойын 5-7 сынып
07
ноябрь
2024
«Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік ойын 5-7 сынып
5-7 сынып оқушылары арасында зияткерлік ойын өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалды қабілеттерін, білімін дамыту. Танымдық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, ой – өрісін, шығармашылық қабілетін, қызығушылықтарын арттыру. Ептілікке, шапшаңдыққа үйрету, ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.
«Менің Қазақстаным» оқу аптасының басында оқушылардың ҚР Әнұранын орындауы
04
ноябрь
2024
«Менің Қазақстаным» оқу аптасының басында оқушылардың ҚР Әнұранын
«Менің Қазақстаным» оқу аптасының басында оқушылар ҚР Әнұранын орындайды. Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық патриотизмді және азаматтық сезімді қалыптастыру.
Күзгі демалысты тиімді ұйымдастыру
28
октябрь
2024
Күзгі демалысты тиімді ұйымдастыру
🍁Күзгі демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп оқушылары сынып жетекшілерімен бірге театр, кинотеатр, музей секілді қоғамдық орындарда уақыт өткізді. Оқушылар демалысын тиімді, әрі көңілді өткізді.
"Берекелі алтын күз - 2024" сайысы
24
октябрь
2024
"Берекелі алтын күз - 2024" сайысы
Күз кереметін көрсетіп, оқушылардың шығармашылығын шыңдау, өнерпаздарды байқап, "Күз ханзадасы мен күз ханшайымын" анықтау мақсатында 1-10 сынып оқушылары арасында "Берекелі алтын күз - 2024" сайысы өткізілді. Оқушылар сайыста өз өнерлерін көрсетіп, белсене қатысты.
Республика күніне арналған жиын
23
октябрь
2024
Республика күніне арналған жиын
Республика күніне арналған "Патриотизм дауысы" атты бірыңғай мемлекеттік гимн орындау жиыны. Мақсаты: Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу; Мәдени құндылықтарды насихаттау; Ұлттық рухты көтеру.
"Менің отаным - Қазақстан" атты сурет көрмесі
22
октябрь
2024
"Менің отаным - Қазақстан" атты сурет көрмесі
25 қазан - Республика күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында "Менің отаным - Қазақстан" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне экскурсия
18
октябрь
2024
Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне экскурсия
Ұлт ұстазы атанған,бар күш-жігерін елінің өркениетіне жұмсаған, аудармашы, ақын, лингвист, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы көрген ұрпаққа үлкен тәрбие болары анық. Мұражайдағы әр заттан, әр деректен өнеге алып қайтқан 9 сынып оқушылары Ахмет атасындай ұлтына адал ұл болады деп сенеміз.
Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай сыныптан тыс шара
17
октябрь
2024
Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай сыныптан тыс шара
Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай сыныптан тыс шара өткізілді. Мақсаты: батырдың ерлігін еске алып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Ұлы Отан соғысы тарихындағы маңызды оқиғаларды ұмытпай, сол дәуірдің батырларын құрметтеу. АӘТД пәні мұғалімі: Базарбаев Ж.С.
«Құмар ойындарының  зардабы және қаржылық сауаттылық» тақырыбында  дебат
15
октябрь
2024
«Құмар ойындарының зардабы және қаржылық сауаттылық» тақырыбында
«Құмар ойындарының зардабы және қаржылық сауаттылық» тақырыбында 8-11 сыныптар арасында дебат өткізілді. Мақсаты: Ойынқұмарлықтың адамның өмірін бұзып, психикалық және физикалық денсаулығына әсер етуі туралы мағлұмат алу. Тәуелділік туралы мағлұмат алып, зардабымен таныстыру.