Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ
12
декабрь
2024
Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ
""Алтын адам" археологиялық олжасы" тақырыбында Қазақстан тарих пәні мұғалімі Қ.Қалбергенов 5 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақтың мақсаты: Қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу; Есік обасынан табылған "Алтын адам" археологиялық олжасының ерекшеліктерін анықтау.
«Сақ дәуірінен-бақ дәуіріне дейін» атты тәуелсіздіктің 33 жылдығына арналған интеллектуалды сайыс
11
декабрь
2024
«Сақ дәуірінен-бақ дәуіріне дейін» атты тәуелсіздіктің 33 жылдығына
«Сақ дәуірінен-бақ дәуіріне дейін» тақырыбында тәуелсіздіктің 33 жылдығына арналған интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайысқа 9 сынып оқушылары қатысты, олар өздерінің тарихи білімдері мен ойлау қабілеттерін көрсету үшін бір-бірімен бәсекеге түсті. Бұл сайыс барысында оқушылар еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдер мен оқиғаларды талдады.
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
11
декабрь
2024
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
"Сүйікті іс. Кірме сөздер" тақырыбында қазақ тілі пәні мұғалімі Н.Журшыман 5 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.
«Ерлік, елдік қасиетін - бұрымына сыйдырған» атты ғылыми конференция
10
декабрь
2024
«Ерлік, елдік қасиетін - бұрымына сыйдырған» атты ғылыми конференция
«Ерлік, елдік қасиетін - бұрымына сыйдырған» қазақтың ғалым, батыр, өнерпаз, чемпион қыздары жайлы ғылыми конференция өткізілді. Оқушылар конферецияға белсене қатып, өздерінің жобаларын қорғады. Ұйымдастырушылар: Г.Майкотова, Н.Қабылбаев, А.Қаржаубаева
Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ
10
декабрь
2024
Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ
««Еңлік-Кебек» поэмасының композициялық құрылысы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Бекей 8 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
09
декабрь
2024
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
Эвфемизм. Қаныш Сатпаев" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Қаржаубаева 6 сынып сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Білім алушылар көнерген сөз, эвфемизм сөздердің қолданыс аясын біледі, ажыратады.
«Буллингтен қорған», «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» тақырыбында сынып сағаты
09
декабрь
2024
«Буллингтен қорған», «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»
"Буллингтен қорған", «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу.
Құқық негіздері пәнінен ашық сабақ
09
декабрь
2024
Құқық негіздері пәнінен ашық сабақ
"Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих" кафедрасы онкүндігі аясында жоспар бойынша Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Н.Қабылбаев құқық негіздері пәнінен 9 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Неке және тоқтату жолдары
"Үш тұғырлы" тіл саясатының тиімділігі атты пікірталас
09
декабрь
2024
"Үш тұғырлы" тіл саясатының тиімділігі атты пікірталас
«Үш тұғырлы» тіл саясатының тиімділігі атты пікірталас сайысы өтті. Бұл сайыс барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің өзара байланысы, әр тілдің мәдениет пен білім саласындағы рөлі туралы өз пікірлерін білдірді.  Мақсаты: Тілді дамыту және ұлттық бірлікті нығайту, жастарды көптілді болуға ынталандыру.
«Жұлдызды – жүзік, айды-алқа ғып берейін» поэзия кеші
09
декабрь
2024
«Жұлдызды – жүзік, айды-алқа ғып берейін» поэзия кеші
«Жұлдызды – жүзік,айды-алқа ғып берейін» атты 5-10 сынып оқушылары арасында поэзия кеші өткізілді. Оқушылар өздерінің шығармашылықтарымен бөлісіп, жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды. Ұйымдастырушылар: А.Бекей, Б.Тегісбаева