Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2026

"Кітап әлемінде" квест

23 сәуір – Ұлттық кітап күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында мектебімізде “Кітап әлемінде” тақырыбында квест ойыны өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Квест ойыны барысында оқушылар түрлі бекеттерден өтіп, әдеби кейіпкерлерді танып, жұмбақтар шешіп, логикалық тапсырмалар орындады. Әр кезеңде балалар өз білімдерін көрсетіп, жылдамдық пен тапқырлық танытты. Әсіресе, ертегілер мен балалар әдебиеті кейіпкерлеріне байланысты тапсырмалар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: