16
март
2026
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бастамасымен Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Күй күмбірі» домбырашылар челленджі аясында 2026 жылғы 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясының оқушылары челленджді қолдап «Тепеңкөк» күйін орындады.
Ұлттық өнерімізді дәріптеп, домбыраның қоңыр үнін насихаттауға бағытталған бұл челленджге мектеп оқушылары ерекше ықыласпен қатысып, халқымыздың күй өнеріне деген құрметін көрсетті.
Домбыраның күмбірлеген үні әр жүрекке ұлттық рух сыйлап, Наурыз мерекесінің мәнін айшықтай түсті. Ұлттық мұрамыз ұлықтала берсін! 🎶