18
март
2025
18 наурыз – Ұлттық киім күні.
18 наурыз — Ұлттық киім күні. Бұл күн қазақ халқының бай мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін қадірлеуге және сақтауға арналған ерекше күн. Ұлттық киімдер әрбір халықтың төл мәдениетінің айнасы болып табылады. Қазақтың ұлттық киімдері тек әдемілігімен ғана емес, сонымен қатар өзінің тарихи мәнімен, қолөнер шеберлігінің үлгісі, рухани құндылықтарымен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта Ұлттық киім күні халықты дәстүрлі киімдерді қадірлеуге, оларды күнделікті өмірде қолдануға ынталандырады.