Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Білім және мансап-2025"
20
ноябрь
2025
"Білім және мансап-2025"
"Білім және мансап-2025" Мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары "Атакент" көрме орталығында өткен "Білім және мансап - 2025" халықаралық білім көрмесіне барып, тың ақпараттар алып, тамашалап қайтты.
"Жас маман – жасанды интеллект: жаңа буын ұстаз бейнесі" атты аудандық семинар
20
ноябрь
2025
"Жас маман – жасанды интеллект: жаңа буын ұстаз бейнесі" атты
«Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия» КММ-де жаратылыстану пәндерінің онкүндігі аясында «Жас маман – жасанды интеллект: Жаңа буын ұстаз бейнесі» атты жас мамандарға арналған аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: жас мамандардың педагогикалық үдерісте жасанды интеллектті қолдану құзыреттерін дамытуға ықпал ету, жаңа буын мұғалімінің кәсіби болмысын қалыптастыруға бағытталған инновациялық тәжірибелермен алмасу және бірлескен идеялар алаңын құру. Іс-шара барысында төмендегі
Менің құқықтарым!
19
ноябрь
2025
Менің құқықтарым!
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 19.11.2025 ж. "Менің құқықтарым" тақырыбында мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттерін таныстыру бойынша іс-шара өткізілді. Оқушыларға құқықтық ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Құқықтар мен жауапкершіліктерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ балалардың сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.  
Педагогикалық кеңес алаңы
19
ноябрь
2025
Педагогикалық кеңес алаңы
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 19.11.2025 ж. ата-аналарға балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша кеңес пен ұсынымдар беру мақсатында ашық консультациялық алаң ұйымдастырылды. Мамандар ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
«Startup– менің арманым» байқауы
19
ноябрь
2025
«Startup– менің арманым» байқауы
💡 Бүгін біздің мектепте 9–11 сынып оқушылары арасында «Startup – менің арманым» байқауы сәтті өткізілді. Оқушылар өз идеяларын таныстырып, жобаларын қорғады. 👩‍💻👨‍💻 9–11 сынып оқушылары арасындағы байқау инновациялық және шығармашылық жобаларды дамытуға арналды. 🏆 Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларды құттықтаймыз!
"Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында пікірсайыс өтті
18
ноябрь
2025
"Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 18.11.2025 ж. "Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында интернетті қауіпсіз пайдалану тақырыбында пікірсайыс байқауы өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар интернеттің тиімді тұстарын талдап, цифрлық қауіпсіздік ережелерін талқылап, өз көзқарастарын дәлелдеп, өзара пікір алмасу арқылы сыни ойлау дағдыларын шыңдады.