Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құқықтық мәдениетті арттыру – ортақ міндет!
24
ноябрь
2025
Құқықтық мәдениетті арттыру – ортақ міндет!
Бүгін мектебімізде прокуратура және полиция қызметкерлерінің қатысуымен тақырыптық дәрістер мен құқықтық сабақтар өткізілді. Қонақ мамандар оқушыларға: – құқықтық сауаттылықтың маңызы туралы; – киберқауіпсіздік және интернеттегі жауапкершілік; – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу; – өз құқығың мен міндетіңді білу мәдениеті жайлы мазмұнды ақпарат берді. Оқушылар мамандармен ашық диалог жүргізіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Кәсіптік бағдар беру
24
ноябрь
2025
Кәсіптік бағдар беру
"Кәсіптік бағдар беру" бағдарламасына сәйкес 1-4 сыныптарда "Психогимнастика "Жылы мейірім" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 
"Алматы-таза қала" бағдарламасы: Таза жағалаулар (өзендер мен көлдердің жағасындағы қоқыстарды тазарту)
24
ноябрь
2025
"Алматы-таза қала" бағдарламасы: Таза жағалаулар (өзендер мен
"Алматы - таза қала" бағдарламасына сәйкес 5-сыныптарда "Таза жағалаулар (өзендер мен көлдердің жағасындағы қоқыстарды тазарту)" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру, су айдындарының жағалауын таза ұстауға тәрбиелеу; табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды дамыту; қоршаған ортаға әсер ететін қоқыстың зиянын түсіндіру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. 
Қауіпсіздік сабағы: Қазақстанда балалардың құқықтары қалай қорғалады?
24
ноябрь
2025
Қауіпсіздік сабағы: Қазақстанда балалардың құқықтары қалай қорғалады?
Жеке қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес 10-сыныптарда "Қазақстанда балалардың құқықтары қалай қорғалады?" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау жүйесі, оны қамтамасыз ететін заңдар мен институттар туралы түсінік беру; өз құқықтары мен міндеттерін білуге, қауіпсіздік жағдайында дұрыс әрекет етуге үйрету; құқықтық мәдениетті дамыту және өзінің де, өзгенің де құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. 
"Адал азамат" бағдарламасы: Өз әрекеттерің үшін жауапкершілік.
24
ноябрь
2025
"Адал азамат" бағдарламасы: Өз әрекеттерің үшін жауапкершілік.
"Адал азамат" бағдарламасына сәйкес "Өз әрекеттерің үшін жауапкершілік" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға жауапкершілік ұғымын түсіндіру, адам өз іс-әрекетіне жауап бере алуы керек екенін ұғындыру, саналы шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.