ТҰМАР дебат клубының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған
Бүгін мектебімізде ТҰМАР дебат клубының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған арнайы пікірталас өтті. Оқушылар еліміздің дамуы, азаматтық жауапкершілік, ұлттық құндылықтар мен тәуелсіздіктің мәні туралы өз ойларын ортаға салып, терең талқылаулар жүргізді. 🔹 Пікірталас барысында қатысушылар түрлі көзқарастарды салыстырып, дәлелді ой айту, қарсы пікірді талдау және шешендік қабілеттерін шыңдады. 🔹 Турнир жас дебатерлердің белсенді азамат болуға деген талпынысын айқын көрсетті.