“Ақберен” республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі
Мектебімізде “Ақберен” республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі өтті! Өткен өнер додасына 8–11 сынып оқушылары қатысып, өз таланттарын 6 бағыт бойынша сынға салды: 1️⃣ Шешендік, білгірлік сайысы 2️⃣ Көркем сөз оқу 3️⃣ Эссе жазу 4️⃣ Ұлттық аспапта өнер көрсету 5️⃣ Ақындар айтысы 6️⃣ Ақындар мүшайрасы Өнерімен өрге жүзген жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!💐 Табыстарыңыз толастамай, шығармашылық шыңынан көріне беріңіздер! 🌟