"Денсаулық күні" спорттық-сауықтыру акциясы
Мектебімізде «Денсаулық күні» аясында спорттық-сауықтыру шарасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, белсенді қозғалысқа баулу. Акция барысында мектеп оқушылары таңғы сергіту жаттығуларын орындады. Іс-шара оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, дене белсенділігін арттырды. Сонымен қатар, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. Осындай шаралар оқушылардың денсаулығын жақсартуға және спортқа деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.