🏡 «Менің отбасым – менің мақтанышым»
🏡 «Менің отбасым – менің мақтанышым» атты шығармашылық фотосурет байқауы! Бұл байқаудың мақсаты – оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 👨👩👧👦 Отбасы – адам өміріндегі ең басты құндылық. Әр оқушы өз отбасын мақтан тұтады және сол мақтанышын шығармашылық арқылы жеткізу – бұл байқаудың басты мәні.