"Толық адам" идеясы
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «“Толық адам” идеясы: Абай шығармашылығы және бүгінгі оқыту мен оқу» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты – Абай Құнанбайұлының «Толық адам» тұжырымдамасын терең түсіну, оны қазіргі білім беру үрдісінде тиімді пайдалану жолдарын қарастыру және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру болды. Іс-шара барысында мұғалімдер Абайдың шығармаларын жаңаша қырынан талдап, бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуде ақын мұрасының