Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14 наурыз - Көрісу күні
14
март
2025
14 наурыз - Көрісу күні
14 наурыз - Көрісу күні. Көрісу – жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күн. Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Бұл күні таң атысымен халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат - шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.
15 наурыз - Қайырылымдылық күні
14
март
2025
15 наурыз - Қайырылымдылық күні
15 наурыз - Қайырылымдылық күні аясында мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері зейнеткер Алтынкуль апаның үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізуге көмектесті. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек,