"Достық қымбат өмірде" атты сергіту ойындары
Мектеп оқушыларымен үзіліс кезінде "Достық қымбат өмірде" атты сергіту ойындары ойналды. Мақсаты – оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне деген сыйластық пен сенімділікті арттыру. Сонымен қатар, бұл ойындар: Командалық рухты дамытуға көмектеседі; Оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын жақсартады; Бір-біріне қолдау көрсетуге үйретеді; Жағымды эмоционалды ахуал қалыптастырады; Үзіліс уақытын тиімді әрі көңілді өткізуге ықпал етеді.