Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Абайлаңыз, жұқа мұз" ақпарттық бұрышы
13
декабрь
2024
"Абайлаңыз, жұқа мұз" ақпарттық бұрышы
"Абайлаңыз, жұқа мұз" атты ақпараттық бұрышы
“I’m Businessmen” Гранд-турнирі
12
декабрь
2024
“I’m Businessmen” Гранд-турнирі
Мектебіміздің 11 сынып оқушысы Бақытқадыр Мирас Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “I’m Businessmen” Гранд-турнирі аясында Almaty Polytechnic College атынан білім грантын жеңіп алды. Бұл турнир жас кәсіпкерлер мен бизнеске қызығатын жастар арасында өткізілді, оның мақсаты - болашақта кәсіпкерлік саласында табысты бола алатын көшбасшыларды анықтау. Бақытқадыр Мирас бұл сайысқа белсене қатысып, өз бизнес-жобасын ұсыну арқылы жоғары бағаланды.
Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ
12
декабрь
2024
Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ
Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Б.Тегисбаева «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» та0ырыбында 7 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.
«Көзімнің қарасы» атты ән кеші
12
декабрь
2024
«Көзімнің қарасы» атты ән кеші
«Көзімнің қарасы» атты нәзік жандыларға арналған ән кеші өткізілді. Оқушылар жыр шумақтарын оқып, ән айтып, көркемсөз оқу шеберліктерін көрсетті. Кеш барысында қазақтың танымал әндері орындалып, қонақтар мен қатысушылар ерекше көңіл күйде болды. Ұйымдастырушылар: Ж.Оспан, Қалбергенов Қ.
"Тероризм актісінің қауіпі төнген жағдайда халықтың іс әрекеті"
12
декабрь
2024
"Тероризм актісінің қауіпі төнген жағдайда халықтың іс әрекеті"
Түрксіб аудандық полиция лейтенанты Нұрманов Айдын " Тероризм актісінің қауіпі төнген жағдайда халықтың іс әрекеті тақырыбында "антитеррорлық нұсқаулық жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ
12
декабрь
2024
Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ
""Алтын адам" археологиялық олжасы" тақырыбында Қазақстан тарих пәні мұғалімі Қ.Қалбергенов 5 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақтың мақсаты: Қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу; Есік обасынан табылған "Алтын адам" археологиялық олжасының ерекшеліктерін анықтау.
«МЕН КӨШБАСШЫМЫН» мектеп жене студенттік парламент көшбасшыларының қалалық слеті
11
декабрь
2024
«МЕН КӨШБАСШЫМЫН» мектеп жене студенттік парламент көшбасшыларының
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастыруымен өткен «МЕН КӨШБАСШЫМЫН» мектеп жене студенттік парламент көшбасшыларының қалалық слетінде өз баяндамасын қорғаған мектеп президенті Асан Рахымжан. Слет Алматы қаласының мектептерінен және колледжден келген көшбасшылардың басын қосып, жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, көшбасшылық дағдыларын дамыту және өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
"Мейірімді жүрек" жобасы
11
декабрь
2024
"Мейірімді жүрек" жобасы
Жаңа жылдық шырша қарсаныңда "Мейірімді жүрек" жобасы аясында мектебімізде оқушылар және ата-аналармен бірлесіп, шопперлер тігіліп, ішіне жаңа жылдық сыйлықтармен бірге әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, жетім және мүгедектігі бар балаларға таратылды.