Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«МЕН КӨШБАСШЫМЫН» мектеп жене студенттік парламент көшбасшыларының қалалық слеті
11
декабрь
2024
«МЕН КӨШБАСШЫМЫН» мектеп жене студенттік парламент көшбасшыларының
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастыруымен өткен «МЕН КӨШБАСШЫМЫН» мектеп жене студенттік парламент көшбасшыларының қалалық слетінде өз баяндамасын қорғаған мектеп президенті Асан Рахымжан. Слет Алматы қаласының мектептерінен және колледжден келген көшбасшылардың басын қосып, жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, көшбасшылық дағдыларын дамыту және өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
"Мейірімді жүрек" жобасы
11
декабрь
2024
"Мейірімді жүрек" жобасы
Жаңа жылдық шырша қарсаныңда "Мейірімді жүрек" жобасы аясында мектебімізде оқушылар және ата-аналармен бірлесіп, шопперлер тігіліп, ішіне жаңа жылдық сыйлықтармен бірге әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, жетім және мүгедектігі бар балаларға таратылды.
«Сақ дәуірінен-бақ дәуіріне дейін» атты тәуелсіздіктің 33 жылдығына арналған интеллектуалды сайыс
11
декабрь
2024
«Сақ дәуірінен-бақ дәуіріне дейін» атты тәуелсіздіктің 33 жылдығына
«Сақ дәуірінен-бақ дәуіріне дейін» тақырыбында тәуелсіздіктің 33 жылдығына арналған интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайысқа 9 сынып оқушылары қатысты, олар өздерінің тарихи білімдері мен ойлау қабілеттерін көрсету үшін бір-бірімен бәсекеге түсті. Бұл сайыс барысында оқушылар еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдер мен оқиғаларды талдады.
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
11
декабрь
2024
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
"Сүйікті іс. Кірме сөздер" тақырыбында қазақ тілі пәні мұғалімі Н.Журшыман 5 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.
"Жұқа мұз - қауіпті!" тақырыбында эссе байқауы
11
декабрь
2024
"Жұқа мұз - қауіпті!" тақырыбында эссе байқауы
Мектеп оқушылары арасында "Жұқа мұз - қауіпті!" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Оқушылар қысқы қауіпсіздік, жұқа мұз туралы өз ойларымен бөлісті.