Балаларды дамыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға жеке кеңес беру күні өткізілді. Мақсаты: баланың жеке ерекшелігін, психикалық процестрін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
"Эстетика және арнайы мамандар" кафедрасы онкүндігі аясында жоспар бойынша педагог-психолог Н.Журшыман мектеп жас мамандары арасында "Жарқын болашақ иесі жас маман" семинар-тренингін өткізді. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.
"Эстетика және арнайы мамандар" кафедрасы онкүндігі аясында педагог-психолог Н.Журшыман ерекше білім беретін оқушылармен коррекциялық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: Қызықты жаттығулар Сабақтың мақсаты: оқушының танымдық қабілеттерін арттыру.
"Эстетика және арнайы мамандар" кафедрасы онкүндігі аясында жоспар бойынша педагог-психолог Н.Журшыман ерекше білімді қажет ететін оқушылармен ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: Қызықты жаттығулар Сабақтың мақсаты: оқушының танымдық қабілеттерін арттыру.
Мектебімізде 19 қараша – Дүниежүзілік темекі шегуден бас тарту күніне орай «Темекі тартқаның – өзіңді құртқаның» атты ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға темекінің зиянды әсерлері туралы ақпарат беріп, олардың темекі шегуден бас тартуға деген қызығушылығын арттыру болды.