Көркем еңбек пәнінен ашық сабақ
"Эстетика және арнайы мамандар" кафедрасы онкүндігі аясында жоспар бойынша көркем еңбек пәні мұғалімі А.Жанай 8 сынып оқушылар арасында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу. Сабақ мақсаты: - Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарының қолдану мақсаттарын және ерекшеліктерін зерттеу; - Өз жоба жұмыстарына қажетті материалдармен тәжірбие жұмыстарын орындау.