Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Апта дәйексөзі
21
октябрь
2024
Апта дәйексөзі
Әр апта Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша "Апта дәйексөздері" мектебіміздің LED –экранында орналастырылады. Дәйексөз: "Отаным - алтын бесігім"
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" тақырыбында сурет байқауы өткізілді
18
октябрь
2024
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" тақырыбында сурет байқауы өткізілді
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда 18.10.2024 жылы 1-4 сынып оқушыларының арасында « Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»   тақырыбында сурет байқауы өткізілді.  Мақсаты: адамның денсаулығын сақтау мен жақсарту үшін дұрыс және теңгерімді тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру. Сурет байқауына 1-4 сыныптар арасынан 35 оқушы қатысты. Үздік деп танылған суреттер мақтау қағазымен марапатталды.
Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне экскурсия
18
октябрь
2024
Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне экскурсия
Ұлт ұстазы атанған,бар күш-жігерін елінің өркениетіне жұмсаған, аудармашы, ақын, лингвист, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы көрген ұрпаққа үлкен тәрбие болары анық. Мұражайдағы әр заттан, әр деректен өнеге алып қайтқан 9 сынып оқушылары Ахмет атасындай ұлтына адал ұл болады деп сенеміз.
"Тәуелсіздік-тұғырым" эстафетасы
17
октябрь
2024
"Тәуелсіздік-тұғырым" эстафетасы
№162 мектеп-гимназия командасы "Тәуелсіздік-тұғырым" жобасы бойынша өткен минитурнир эстафетасынан ІІ орын иеленді. Жетекшісі Мариева Л.