Республика күні аясында "Республикам - мақтанышым!" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: - Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру; - тәуелсіздік құндылығын түсіндіру; - жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін дамыту.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен мектебімізде "Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" ұранымен "Дабыл чемоданының құрылымы" тақырыбында оқушылармен онлайн форматта кездесу өткізілді. Оқушыларға төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету қажеттігі түсіндірілді.