Аналар кеңесі
Баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру мақсатында «Сапалы ұйқы – балалардың дамуы мен денсаулығының негізі» тақырыбында ата-аналармен сабақ өткізілді. Сабақ кіріспесіндегі «Менің балам» сергіту жаттығуында ата-аналар өз баласын, оның мүдделерін немесе бірлескен қызметін 2 сөйлеммен сипаттап айтты. «Ұйқының баланың тұлғалық дамуына әсері» шағын лекция тыңдалды, ата-аналар тақырып бойынша пікірлерін білдірді.