Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп ауласының оазисі
17
апрель
2024
Мектеп ауласының оазисі
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: "Мектеп ауласының оазисі". Мақсаты: мектеп жанындағы учаскенің аумағын абаттандыру және көгалдандыру, дизайнерлік шығармашылықты дамыту, білім беру объектілерін сәндік безендіруде заманауи бағыттарды көрсету, сондай-ақ окушылардың, ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысуын ынталандыру. Толығырақ біздің әлеуметтік желіде #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу
«Менің бауырым» еріктілік жобасы
16
апрель
2024
«Менің бауырым» еріктілік жобасы
Алматы қаласы Білім басқармасы "Өркен" КЕАҚ-мен бірлесіп балалардың құқықтарын қорғау және балалар саласындағы жобаларды тиімді басқару мақсатында «Менің бауырым» еріктілік жобасын жүзеге асыру бойынша №1 педагогикалық колледж еріктілерімен тренинг өткізілді.
«Менің атым Қожа» повесі
15
апрель
2024
«Менің атым Қожа» повесі
«Менің сүйікті кітабым» республикалық челленджі бойынша Астана қаласының Алматы қаласына жолдауымен оқушыларымыз көктемгі демалыс кезінде Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесін оқиды.
Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?
15
апрель
2024
Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?
«Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?» атты 5-11 сынып оқушылары үшін бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: -демократиялық құндылықтарды қалыптастыру және оқушылардың құқықтық сана деңгейін арттыру; -оқушыларды республикалық референдумның мәні мен маңызы туралы хабардар ету; -оқушылар арасында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
"Жердегі ең жақсы қала" сурет көрмесі
15
апрель
2024
"Жердегі ең жақсы қала" сурет көрмесі
Мектебімізде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: "Жердегі ең жақсы қала" атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қала пейзажы мектебіміздің жас суретшілерінің сүйікті жанрларының бірі. Алматы қаласының әсемдігін, тыныс-тіршілігін бейнелеп салды. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық деңгейін арттыру, туған қаласы Алматыға деген танымдық қызығушылығын дамыту. #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу